Алғашқы қайта өрлеу дәуіріндегі суретшілер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Брунеллески, Донателло, Мазаччо

Флоренциялық кескіндеменің жаңа алыбы Мазаччо (1401—1428) болды. Оның аға достары — ұлы суреткер Филиппо Брунеллески (1377—1446) мен ұлы мүсінші Донателло. Брунеллески өзінің жер телімін сатып, Донателломен бірге Флоренциядан Римге кетеді. Онда барып, үйлердің зор тұлғасы мен ғимараттар құрылысының тамаша жетілдірілгенін көріп, таңырқайды. Сол үйлердің бөлшектерін өлшеп, жоспарларын сыза бастаған ол екеуі, осы істен уақыттарын да, қаржыларын да аямайды. Римде болсын, оның сыртындағы Кампиниде болсын бірде-бір жерді бос жібермей зерттейді. Ол көне дәуір ескерткіштері жөніндегі деректерді жазып, бөлшектерін суретке салып отырады, артынан сол жазып-сызғандарын зер сала зерттейді. Егер ойда жоқта олар жер астынан капительдердің, колонналардың сынықтарын тауып алатын болса, оларды тиісті дәрежеде зерттеу үшін қазып алу жұмыстарын ұйымдастырып отырған. Сондықтан да бүкіл Рим халқы арасында олар жөнінде "қазына іздеушілер" деген қауесет тараған. Брунеллескидің екі ұлы мақсаты болды, біріншіден — жақсы сәулет туындысын дүниеге әкелу, екіншіден — егер сәті түссе Флоренцияда Санта-Мария дель Фьоре күмбезін тұрғызу тәсілін табу. Орта ғасырлық еуропалықтар үлкен күмбездер тұрғызуды мүлде білмейтін, сондықтан ол кездегі италиялыңтар ежелгі римдік Пантеонға таңданып қарайтын. Брунеллески өнердің дүниежүзілік тарихына ренессанстың сәулет жүйесінің негізін салушы және оның ең тұңғыш жалынды жаршысы. Ол бүкіл еуропалық сәулет өнерін қайта жаңартушы, шығармалары өзінің жеке даралық жарқындығы жөнінен теңдесі жоқ деп бағаланған суретші ретінде енді. Сонымен қатар ол сол кездегі барлық кескіндеменің дамуы үшін маңызы зор ғылыми теорияның негізін салушылардың бірі және оның заңдарын ашушы адам болған.
Донателло, өзінің досы Брунеллески сияқты, жаңа өнердің қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Ол өз өмірін көркемдіктің кемелділігіне жету жолындағы табанды ізденістерге арнаған еңбексүйгіш жан болған. Донателло өзі жөнінде жоғары пікірде болған, шіркеу басылары мен ақсүйек әміршілер алдында бас имеген.
Оның керемет жасаған жас Давид мүсіні — сол кездегі мүсін өнерінде тұңғыш жасалған мүлде жалаңаш фигура. Ал Падуядағы шіркеу алаңында тұрған кондотъер Гаттамелата мусіні — ренессанстың ең алғашқы атты монументі және содан кейінгі ғасырлардағы еуропалық барлық атты мүсіндердің атасы.
Гаттамелатаның өктем бейнесі естен кетпестей мәнерлі жасалған. Брунеллескидің күмбезі тәрізді, қола салт атты аспан асты кеңістігіне жеңіспен еніп, қола үстінде салтанат құрып тұрғандай әсер қалдырады. Донателло Падуяда тоғыз жыл жұмыс істеп, солтүстік Италияның өнеріне зор ықпал етті. Падуялықтар оны біржолата қалуға қанша үгіттесе де, ол өзінің талғамын тек флоренциялықтар ғана жете түсінеді деп есептеп, туған Флоренциясына қайтуды ұйғарды.
Донателло шығармаларының ауқымы кең. Ол нағыз асқақ драмалық образдар жасады, сол сияқты мейірімді, лирикалық нәзік әрі дауылды динамикалық, тұлғаларды дүниеге әкелді. Оның шалқар шабыты мен шеберлігі әрбір тақырып үшін нағыз көркем, уақытында ешкім асып кете алмаған бейнелер таба білді. Оның ғажайып шығармаларының бірі — Флоренция шіркеуіндегі "Путти" атты жұмысы. Онда билеп жүрген періште сәбилер бейнеленген. Дүниеге шашылып төгіле салған қозғалыстың астанкестен толқындарын бір-бірімен байланысты қатал формада ұстап қалған олардың қолдары, бізге темірдей тегеуірінді болып көрінеді.
Досы Мазаччоның өлімін Брунеллески қасіретпен қабылдады. Ренессанстың үш "атасының" — XV ғасырдың бірінші жартысындағы Флоренцияның үш кемеңгер суретшілерінің арасында Мазаччо, ең алдымен (1428 жылы), өте жастай дүние салды. Ол жиырма сегіз жасқа да толмаған еді. Өзінің аға достары Брунеллески мен Донателло сияқты ол да бүкіл әлемдік өнерге баға жетпес әрі ұмытылмас үлес қосты. Өйткені оның композицияларындағының бәрі орнықтылыққа ие болды. Ол бірінші болып композицияларында адамдарды өз аяғынан тік тұрғызып бейнеледі. Осындай ерекше қабілетімен Джоттодан соң гуропалық кескіндеме тарихында жаңа кадам жасаушы болып табылды. Флоренциядағы Санта-Мария (Новелла шіркеуінің қабырғасына пілынған "Троица" фрескасы) шамамен 1426—1427 жылдары салынған. Бұл жұмыста Христос образы бейнеленген. Өнердің нағыз ұлы шығармаларының бірі — осы. Жарық пен көлеңкені тарату шеберлігі, аумақтылықты көрсете алатын кұдіреті жағынан Мазаччо Джоттодан әлдеқайда асып тұседі. Сонымен бірге ол кескіндемеде жалаңаш денені өзгелерден бұрын бейнеледі. Сөйтіп, ол адам қасиетерің ардақтап, оның қүдіреті мен сұлулығын дәріптей отырып, адамнің қаһармандық сипатын ашты.
Мазаччоның Флоренциядағы Бракаччи капелласына жасаған атақты фрескаларынан көп жылдардан соң, Алғашқы қайта өрлеу дәуірінің үздік шеберлері Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль үйренген еді. Бұл фрескалар діни тақырыпқа арналған, бірақ олардың шынайы мазмұны — адам ұрпағының күдіреттілігінің нақты көрінісі.

Боттичелли (1445—1510)

Ұлы кескіндемеші Сандро Боттичеллидің өмірі туралы аз білеміа, оның Медичи сарайына жақындығы және ғаламат Лоренцо төнірегі оған ықпал еткені ешбір күмән келтірмейді. Бірақ ол кейіннен Савонароланы шын жүрегімен құрметтеген, тіпті оның өз картиналарын отқа жағуға алып барғаны жөнінде де мағлұматтар бар. Сандро Боттичеллидің кескіндемесінен асқан поэтикалық кескіндеме жоқ. Алайда дүниежүзілік өнерде онымен салыстырарлық нәрсе жоқ болғандықтан, оның таңғажайып туындысын айқындау бізге қиынға түсті.
"Бейне бір даладағы әдемі қызыл шатырдай, мына көйлек саған қандай жарасымды! Сен ана сүтінен де аппақсың, сен айдаһар қанынан да қызылырақсың! Сен алдына келгенде, өркім-ақ "Күн шықты", — деп айтуға әзір тұрады." Жоқ, сол кездегі Италияда шырқалатын шат көңілді халық онінің бұл сөздерін Боттичеллидің еркін әйелдер образдарына арнап (мейлі, олар Құдай-ана, мейлі Венера образы болса да) ешкім де айта алмаған болар еді!
"Жастық шақ неткен тамаша еді, бірақ ол өтіп барады", бұл Боттичеллиді өзінің сүйікті суретшісі санаған Лоренцо Медичидің сөзі. Бұл сөздің бәрінен бұрын, соңғы мұңды жағы маңыздырақ саналады. Флоренциялық түсініктер Савонарола кесіп-пішіп айтқан, қорқынышты бәленің болмай қалмайтындығын алдын ала-ақ сезінген еді. Міне, осы қауіп-қатерді алдын ала сезуден туған ой Боттичеллидің кескіндемесімен заңды түрде қоса өріліп жатыр. Сондықтан да оның картиналарының бүкіл поэзиясы әрі тәтті, әрі жүрек сыздатар мұңға бөленген.
Ол өзінің поэтикалық шабытын кескіндемеде қалай танытты? Бұл жасампаз суреткер онша жарқылдаған емес, кейде тіпті өңсіз бояулармен-ақ ғажап дүниелер жасай алатын. Өйткені оның басты құралы бояу емес, бүкіл композиция мәнін айқындайтын линиялар еді. Оның композидиялары қозғалысқа толы болып келеді. Боттичеллиді кейде Шығыс елдерінің, Үндістанның, Қытайдың, Жапонның суретшілерімен салыстырады. Біз Боттичелли шығармашылығы туралы Жапонияның белгілі өнер зерттеушісі Юкно Ясироның қаламынан шыққан қызықты топшылауларды табамыз: "Боттичелли көрнекті әлемді, ерекше бір "линия ырғақтарының сәулет өнері" ретінде қабылдайды!" — делінген онда. Болмысты нақышты бейнелуде онымен тек ертедегі орыс кескіндемесінің кемеңгер шеберлері ғана теңесе алады.
Боттичеллидің "Венераның тууы" атты шығармасы — дүние жүзіндегі ең атақты картиналардың бірі. Оның таңғажайып әдемілігін жеткізе суреттеп беру мүмкін емес. Көздерінде әлдебір жасқаншақ мұң табы бұлдыраған осынау ұялшақ қыз — Венераға зер сала қарандаршы. Оның майысқан жас денесі, желмен соншама әдемі желбіреген алтын түсті шаштары, қолдары мен сәл сыртқа салыңқырап тұрған аяқтары, бір жағына қисайыңқыраған басы қандай жарасымды, айналасындағы басқа фигуралар онымен қалай үйлесе қалған.
Ал оның екінші бір әйгілі картинасы — “Көктем”. Мұның өзі барлық фигуралар өзара жарастық тауып тұрған қозғалысқа толы дүние. Мүмкін бұл композициялардың көне дәуірлік көріністерін Боттичеллиге Лоренцо үйімен араласып кеткен ақын Полиционо суреттеп берген шығар, бірақ олардың ырғактылығы мен әдемілігі тек Боттичеллиге ғана тән.
Боттичеллидің кейінгі картиналарында бұрынғы болымсыз мұңның орнын ширыққан жанталас басқан. Мысалы, оның "Христосты жоқтау" атты екі картинасы да осындай терең кайғы-қасіретке толы. Мұндағы фигуралардың көріністері, буырқанған қатерлі толкындарға ұқсас. Ал оның "Талақ" картинасынан Римде тас баспалдақта жападан-жалғыз отырған әйелді көреміз, мүмкін оның қайғысы арқылы Боттичелли өз басының қайғысын білдіргісі келген шығар. Боттичелли Леонардо да Винчидің құрдасы еді, ол мұны ілтипатпен "Біздің Боттичелли" деп атады. Өмірінің соңғы жылдары (алпыс төрт жаста) Боттичелли мүлде сурет салмай кетті.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алғашқы қайта өрлеу дәуіріндегі суретшілер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}