Алғашқы жылдардағы қазақ теледидарының даму кезеңдері.

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алғашқы жылдардағы қазақ теледидарының даму кезеңдері. 1958 жылы 8 наурыз Алматы телестудиясы эфирде өз жұмысын бастады. Дикторлар көрермендерді екі тілде Қазақ теледидарынын алғашқы беташар қадамымен құттықтады. Соңынан "Үкімет мүшесі" атты көркем фильм көрсетілді. Сол кезеңде Алматыда 4 ООО, ал облыстарда 1007 телевизор болды <ref>Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: - 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5</ref>.

1958 жыл қараша Алматы телестудиясының жанынан кинотүсіру тобы құрылып, осының көмегімен тұңғыш рет ірі "Бір ауданда" киноочеркі түсірілді. Киноочерк Мәскеуде өткен Қазақ КСР-інің әдебиеті мен мәдениеті күндері Орталық теледидар арқылы көрсетілді. Декада күндері көрермендерге Ж.Жұмақановтың "Қоныстанушылар" телеқойылымы мен Е.Брусиловскийдің "Дударай" операсының телевизиялық нұсқасы ұсынылды.

1959 жылы наурыз айында алғашқы ұзақтығы 1 сағат 45 минут толықметражды "Өнер шеберлерінің үлкен концерті" түсірілді. 6 маусым Алматы телестудиясының негізінде Қазақстанның облысы телестудияларын және Қырғыз КСР-інің Фрунзе телестудиясын республикалық деңгейде телеөнімдермен қамтамасыз ететін база құрылды.

1959 жылы Алматы телестудиясында тұңғыш "жылжымалы телестанса" (ЖТС) іске қосылды. ЖТС-тан алғашқы эфирге берілген трансляция хабары Абай атындағы опера және балет театрынан "Абай" операсы болса, өндіріс орындарынан алғаш рет Алматы ауыр машина жасау зауытынан хабар берілді.

1960 жылы 24 сәуірде Қазақстан КОК-і "Республикада радиохабарлары мен телевидениені одан әрі дамыту туралы" қаулы қабылданды. Ленин алаңынан Бірінші мамыр шеруінен алғашқы трансляция берілді.

1962 жылы 5 маусымда "Республикада радио мен теледидар жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы" қаулы қабылданды. 1964 жылы 1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Алматыда орыс әдебиеті мен мәдениетінің радиотелевизиялық фестивалі болып өтті. Отан РКФСР-дан радиохабарлары мен телевидениенің 20 к-ті және арнаулы бағдарламаларымен Грузия, Әзірбайжан, Түрікмен және Тәжіктің телерадиокомитеттері қатысты. Осы кезең аралығында телеаудиторияға 140 хроникалы-деректі және көркем фильмдер көрсетілді.

1965 жылы осы жылдың қараша айында Алматы телеорталығы Орталық телевидениенің бағдарламаларын қабылдауды бастады. 1967 жылы шілде айында Қазақ теледидары Монреальде өткен Бүкілдүниежүзілік "Экспо-67" көрмесіне өз телеөнімдерін алып барды.

1967 жылы қыркүйек Қазақ студиясы көпсериялы көркем-деректі "МЕН Қазақстан" телевизиялық фильмін түсіруді бастады.

1967 жылы 4 қазан Орталық теледидардан "Қазақстан күні" атты мерекелік бағдарлама "Октябрьмен нұрланған" деген ұранмен алғашқы "Орбита" қабылдау стансасы іске қосылды. Республика Орталық теледидардың алғашқы түрлі түсті телехабарларын қабылдауды бастады.

1967 жылы желтоқсан Қазақ теледидарының бағдарламаларын Жамбыл, Ақтобе, Орал облыстарының көрермендері көру мүмкіндігіне ие болды. 1970 жылы ақпан - Қазақ теледидарының бағдарламаларын кабельдік линия арқылы Семей және Шығыс Қазақстан облыстары көре бастады. Осы кезеңде республикалық бағдарламаны көру мүмкіндігіне 9 облыс ие болды. 1974 жылы қазан Ленин атындағы Сарайдан Тыңды игерудің 20 жылдығына байланысты тікелей ретрансляция берілді.

Алматыға осы жылы Польша, Болгария, Монголияның партия-үкімет делегациясы келді. Осыған байланысты Қазақ теледидары Варшава, София және Ұлан-Батормен тікелей байланысқа шықты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}