Алғазы аралы
Алғазы аралы – Балқаш көлінің орта тұсында, Ұзынарал түбегіне жақын, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан арал. Алматы облысы. Қаратал ауданы. жерінде орналасқан. Ұзындығы 7 км, ені 1 – 3 км, ауданы 13 км2 шамасында. Алғазы арылын солтүстігінен ені 1,5 км, оңтүстігінен 4 км шамасында бұғаз бөледі. Жағалауы негізінен жазық, солтүстік-батысы ғана тік (абсолют биіктігі 366 м) келеді. Девонның туф қабаттары аралас құмдақ жыныстардан түзілген. Өсімдікке кедей. Тек ұсақ қиыршықтасты, топырақты жерлерде ғана жусан, сораң, т.б. өсімдіктер өседі. 1931 – 1959 ж. аралығында мұнда өзімен аттас Алғазы балық зауыты жұмыс жасаған.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify