Альвеококк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Альвеококк (Үлгі:Lang-la)- альвеококкоз ауруын тудырушы паразит. Адам денесінде таралуы эхинококкозға ұқсас, бірақ алғаш бауырды зақымдайды.

Географиялық таралуы

Эхинококкоздан ерекшелігі- ошақты болып келеді. Батыс Сібір, Орта Азия, Якутия, Башқұртстан т.б.елдерінде кездеседі.

Морфофизиологиялық ерекшелітері

Личинкалық сатысы эхинококкқа ұқсас, айырмашылығы басында қармақшалар саны аздау, жатырының дөңгелек болуы, жыныс тесігінің жыныс мүшесінің артқы жағында емес алдыңғы жағында орналасуы. Финналық сатысы ерекшелеу- финнасы көптеген ұсақ көпіршіктерден құрылған және сұйықтығы болмайды, үнемі бүршіктеніп өсіп отырады да метастаз пайда етеді.

Тіршілік циклы

Түпкілікті қожайындары- түлкі, қасқыр, ит, аралық қожайындары кемірушілер (тышқандар) және адам. Жалпы алғанда тіршілік циклы эхинококкқа ұқсас. Адамдар түлкі, ит т.б. терілерінде болатын жұмыртқаларын жұтып зақымданады.

Патогендік әсері

Альвеококкоз эхинококкозға қарағанда сиректеу кездеседі, бірақ ол қатерлі ісік секілді жайылып, бауырды зақымдайды. Альвеококк көпіршігінің диаметрі 15см. жетеді.

Алдын алу шаралары

  1. жеке тазалықты сақтау;
  2. егесіз, қаңғып жүрген иттерді жою;
  3. сойылған ірі ұсақ қара малдардың еттерін экспертизадан өткізу;

Дереккөздер

<references/>

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • "Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Альвеококк|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}