Альберт Анатольевич Лиханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Альберт Анатольевич Лиханов – балалар және жасөспірімдер жазушысы, балаларға арналған қорының Халықаралық ассоцациясының президенті.

Өмірбаяны

1935 жылы 13 қыркүйекте Киров қаласында дүниеге келген. 1958 жылы Уральск мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітіреді. Кейін «Кировская парвда» газетінің әдеби қызметкері болады. Онда ол кейінірек өзінің атақты «Благие намерения» повестіне арқау болған оқиғаны басынан өткізеді. Біршама уақыттан кейін Альберт Лихановты Мәскеуге жұмысқа шақырады. Кейінірек ол «Смена» журналының көп жылдық қызметкерлерінің бірі, алғашында хатшы, отыздан астам жыл бас редактор болып қызмет атқарады.

Шығармашылығы

1962 жылы «Юность» журналында алғашқы «Шагреневая кожа» әңгімесі, 1963 жылы «Да будет солнце!» тарихи повесті жарық көреді. Лиханов шығармаларының басты тақырыбы – жасөспірімдердің мінез-құлқының қалыптасуы, оның әлемге деген көзқарасының құрылуы, олардың өзінен үлкендердің әлемімен өзара сабақтастығы. 1976 жылы «Молодая гвардия» баспасында «Таңдамалы шығармаларының» 2 томдығы басылып шығады.

Марапаттары=

  • 2005 жылы «Отан алдындағы қызметі үшін» ІІІ дәрежелі орденіне ие болады.
  • 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады.
  • 1996 жылы Намыс орденіне ие болады.

Балаларға арналған «Музыка», «Семейные обстоятельства», «Мой генерал» кітаптары үшін Ленин комсомолы сыйлығының иегері атанады.

Шығармалары

  • «Тёплый дождь»
  • «Звёзды в сентябре»
  • «Мужская школа»
  • «Голгофа»
  • «Лабиринт»
  • «Мой генерал»
  • «Чистые камушки»
  • «Сломанная кукла»
  • «Высшая мера».

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}