Алыс ағайын
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алыс ағайын (жамағайын) - жеті атадан арғы аталары бірге туысатын және одан таралған ұрпақтардың бір-біріне туыстық қатынасы. Туыстығы алыс болса да түп аталары бірге тарағандықтан, қайғы мен қуанышта ортақтасып, бір-біріне тілеулес болып жүреді. Ру-қауымаралық қатынастар жүйесінде алыс ағайын институтының өзіндік орны мен рөлі болды. Әсіресе, қазақ даласында болып тұратын руаралық жанжалды реттеуде басқа да дәстүрлі институционалдық тәсілдермен қатар, алыс ағайын да маңызды функция атқарды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>