Алып қарақұс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алып қарақұс - қазақ танымындағы мифтік кейіпкер. Жаңа туған нәрестені дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша оның жанын алып кетуге әрекет ететін күш. Нәресте қараусыз қалса алып қара құс оның жанын алып кетеді екен. Мұнан кейін отбасының кейінгі нәрестелері де тоқтамайды-мыс. Отбасының бірнеше нәрестесі тоқтамаған жағдайда жаңа туған нәрестені жеті үйдің шаңырағынан немесе ұзақ жасын нәрестеге берсін деген ырыммен егде тартқан жеті адамның бұтының арасынан өткізетін болған. Сондай-ақ атақ-даңқы елге тараған ат үстіндегі батыр адамның ұзеңгі таралғысының астынан жас нәрестені өткізу ғұрпы атқарылды. Ел арасында қалыптасқан тағы да баска ырымдар өте коп. Айталық, осындай жағдайда нәрестені кіндік шешесі үйіне алып кетеді де, оны өзінің әке-шешесі «сатып» алатын болған. Ырымның көне бір түрі - босанған әйелдің терезесінің алдына сүт құйылған ыдыс қойса, ол нәрестеге келе жатқан алып қара құстың назарын аударады-мыс.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алып қарақұс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}