Алым (кәде)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алым - қазақтың байырғы неке-отбасылық дәстүріндегі, қыз ұзату рәсіміндегі кәде түрі, «қызқашар» рәсімі жасалған үйдің әйеліне берілетін сый. Қалыңмал төлегеннен кейін белгіленген қыз ұзату күні кыздың жеңгелері басқа ауылға алып кеткен калыңдықты іздеп тауып күйеудің жолдас жігіттері тартыс бастайды, түрлі кәделер береді. Ертедегі деректерге қарағанда, әдетте, біраз уақытқа созылған, кикілжіңнен соң жігіт жағы қалыңдықты алып кетерде қалыңдықтың жеңгелері оны кілемге отырғызып шығарып салады. Жігітжағы қызқашар жасаған үйдің әйеліне алым кәдесін береді. Алым небәрі бір-екі көйлектік мата ғана.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алым (кәде)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}