Алуакент

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алуакент - Қазақстандағы көне қала орны (10 – 17 ғасырлар). Алғаш рет 1964 ж. Шымкент педагогикалық институты археологиялық отрядының экспедициясын (жетекшісі Н.П. Подушкин), ашып, зерттеген, 1980 ж. қайтадан зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мықты бекініс жүйесі бар ежелгі қала: а) солтүстік-шығыс – оңтүстік-батыс бағытында созылып жатқан, табаны 120x75 м, жоғ. алаңы 86x60 м, биіктігі 5 – 6 м төрткүл орталық төбешіктен (қамал);

ә) жалпы көлемі шамамен 1,5 га қамалға оңтүстік-шығысынан жанасып жататын, төрткүл пішінді алаңдар түріндегі рабадтардан;

б) ежелгі қаланың оңтүстік бөлігіндегі екі қақпаны бақылап тұратын, табаны 22x35 м, биікт. 6 м, сопақша төбешік түріндегі қақпа алдындағы құрылыстардан;

в) бүкіл қамалды периметрі бойынша, қақпа алдындағы құрылыстар мен рабадтардың бір бөлігін айналдыра қоршап жатқан, ені 5 – 15 м аралығындағы ордан;

г) ежелгі қаланың батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерінде орналасқан конус тәрізді төбешік түріндегі мұнаралардың қалдықтары бар дуалдардан тұрады.

Алуакентте оңтүстік жақтағы екі қақпадан басқа, солтүстік және оңтүстік бөліктерде де қақпа болған. Табылған материалдар: бертінгі темір заманындағы әр түрлі мақсаттағы жалатпа және жалатпасыз керамика бөліктері. Бүкіл керамика қыш қалыпта жасалып, жақсы күйдірілген. Әшекейіне тән элементтердің ішінде бедер-жосықты штамп, шикі сазға түсірілген ирек сызықтар (бір, екі, үш қатар) жалатпада марганецпен әшекейленген. Оңған көгілдір түстер басым. Қазіргі кездегі қабірлер ескерткіштің көп бөлігін (жоғарғы қабатын) басып кеткен. Қазба жұмыстары жүргізілмеген. <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.</ref>

Сілтемелер

<references />


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алуакент|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}