Алты таспа жалпақ өрім

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Алты таспа жалпақ өрім - алтау етіп тілінген таспадан жалпақ айыл тәрізді етіп өрім өру әдісінің атауы. Қайысты алты таспа етіп тіліп алған соң ортасынан бастап өреді. Ол үшін ортадағыларын, атап айтсақ үшінші таспаны төртіншінің үстін бастыра, бірінші таспаның астынан шалып, алтыншы таспаны көлденең бастыра оң жаққа тастай отырып бастайды. Содан соң, төртінші таспаны екінші таспаның үстін бастыра, екінші таспаның астынан шалып, екінші таспаның үстін көлденең бастыра, бірінші таспаның астына келтіріп, сол жаққа қарай өреді .Осындай ретпен қайталап өрбітіп өріп жалғастырады, ұшын таспалап бекітеді. Алты таспадан өрілген осындай жалпақ түрін халық шеберлері алтыбасар деп те атайды. Айыл, жырым түрлері осы тәсілмен өріледі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub