Алтын қорыған самұрық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтын қорыған самұрық

Тайпа жайлы жалпы мәлімет

Алтын қорыған самұрық -аңызға айналған тайпаның аты. Алғаш рет бұл ат грек тарихшысы Геродот (б.з.б. 485-425) еңбектерінде кездеседі. Ол саяхатшы әрі ақын Аристей Проконесскийдің поэмасына сүйенеді. Екеуі де Азияның қиыр даласындағы халықтар туралы айта келіп, оларды аңыздағы таң ғажайып құстар негізінде суреттейді. Бұлардың бір тармағына гиперборейлер мен аримасптардыжатқызады. Аристей мен Геродоттың бұл халықтар жөніндегі деректердің көбі шындыққа жанасады. Грек – рим жазушыларының бәрінде де кездесетін болжамдарға қарағанда, самұрықтар елі алтынға бай болып, соны қорғау үшін жылқы кейпінде бейнеленген аримасптармен соғыс жүргізген. Самұрықтардың өздері пантикапея тиындарында аузына Аполлонның киелі жебесін тістеген қыран ретінде бейнеленген. Жартылай аңыздан туған самұрықтар алтынға бай Арқа, Алтай тауларын мекендеген көшпелі тайпалар-сақтар, ғұндар, үйсіндер, кейін қырғыздар немесе солардың туыстары болуы да мүмкін. Өйткені ежелгі қырғыздардың Енисейді қоныстанғаны, алтынды көп өндіріп өңдегені, белгісіз бір шежірешінің жазуына қарағанда, елдің бүкіл адамы басына алтын тәж кигені, өлгендерді алтынға орап көмгені, табынатындары қыран құс болғаны мәлім. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 4-том, 43-бет </ref>

Дереккөздер

<references/>