Алтын сом

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтын сом - патшалық Ресей империясының ақша өлшемі.

Алтын сом 1895-97 жылдары қаржы министр Сергей Виттемен жүргізілген ақша реформасына байланысты енгізілген. Ресей ақша реформасынан кейін алтын монометализм жүйесіне көшті.

Алтын сом құны 0,774 234 грамм таза алтынға (бұрын 1,161 г) теңгерілді. Ішкі ақша айналысына 5; 7,5; 10 және 15 сом алтын мәнеттер енгізілген.

Салысыру үшін: сол кезгі валютаның құндары:

  • 1 Доллар АҚШ — 1,50463 г таза алтын,
  • 1 фунт стерлинг — 7,322382 г таза алтын
  • 1 француз франкі — 0,2903 г таза алтын
  • 1 алтын марка (Германия) — 0,358423 г таза алтын.

Алтын сом 1-ші дүние жүздік соғысына дейін өмір сүрді.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998