Алтын дән

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Алтын дән" - халықтық ән-би ансамблі. 1976 жылы Талдықорған қаласында индустриалды- педагогикалық техникум жанынан құрылған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Мақсаты: ұмыт бола баста­ған халықтың ән-күйлерін жандандырьш, өнер сахнасына шы­ғару. Ансамбльдің құрылуына Г.Баталова ұйытқы болған. Оның репертуарында К.Күмісбековтың "Қорқыт туралы аңыз", Н.Тілендиевтің "Махамбет" поэмалары, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлері, И.Чайковскийдің, АХачатурянның сазды әуендері, М.Маңғытаевтың "Ырғақты" күйі, сондай-ақ жергілікті сазгерлердің шығармалары бар. Ансамбль құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлық лауре­аты Н.Нүсіпжанов, Қазақстанның халық артисі Ә.Дінішев, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі М.Қазтүрғанова, т.б. өз өнерлерін көрсетіп, шеберліктерін шьңдады.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}