Алтын Орда теңгелері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтын Орда Теңгелері- орта ғасырлардағы металл ақша. Алғаш 14 ғасырдың орта тұсында Бұлғар қаласында Берке хан соқтырған (1257 - 67 жылы). Алғашқы теңгелерге Бағдад халифы ән-Насрдың аты, кейін моңғол хандары Меңгу, Арықбұға, т.б. Алтын Орда хандарының аттары жазылды. Алтын орда теңгелері Сарай, Сарай әл-Жадид, Сарай әл-Махрус, Қажы Тархан, Сарайшық, Гүлстан, Хорезм, Жент, Баршын, т.б. қалаларда соғылды. Сарайшықтағы қазба жұмыстары кезінде табылған тиындардың ең көнесі - Тоқтамыс хан теңгесі (1295 - 96 жылы). Ал кейінгілері Сарайда соғылған Өзбек хандікі. Оның дихремдері мен пұлдарында мұсылман дінінің суннит символдары салынған. Әр қалада соқтырылған теңгелердің өз ерекшеліктері бар. Кейбір теңгелерде соқтырған ханның аты мен жылы жазылса, кейбіреулерінде әр түрлі тамғалар: жануардың, құстардың, балықтардың суреттері, геометриялық өрнектер бейнеленген. 1996 - 97 жылы Батыс археологиялық экспедиция (жетекші З.Самашев) Сарайшыққа жүргізген қазба барысында Тоқтамыс ханның рәміздері салынған күміс жөне мыс тиындар табылды. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}