Алтын Ибрагимқызы Ружева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтын Ибрагимқызы Ружева – (1928 жылы туған, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы – 1990) актер 1946 жылы Алматыдағы киноактер мектебіне түсіп, өнер жолын Жамбыл облысы қазақ драма театрында бастады. 32 жыл бойы сахна төрінде басты рөлдерде ойнады. Ол Алтын Островскийдің «Жазықсыздан жапа» спектакліндегі Кручининаны, М.Әуезовтің «Айман – Шолпанында» – Айман, «Еңлік – Кебегінде» – Еңлік, «Қара қыпшақ Қобыландыда» – Қарлыға, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқтысында» – Ақтоқты, С.Мұқановтың «Ботагөзінде» – Ботагөз образдарын шеберлікпен тұлғалап, сахнаға шығарды. Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» спектакліндегі Толғанай образын тамаша ойнап, лауреат атанды.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Еңбегі

Ружева өзінің сахнадағы көріктілігімен, дауыс ырғағының жылдамдығымен, режиссерлік ойын дамыта білетін даралығымен ерекшеленді. Оның сахнадағы келісті жүріс-тұрысы арқылы да көркем көріністерді мейлінше жарқыратып шығаратын. Ол алуан қырлы шеберлігі арқасында көбінесе басты рольдерді ойнап, қайталанбас мол мұра қалдырды.

Жетістіктері

1966 жылы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артісі», ал 1976 жылы Қазақ ССР-інің халық артісі атақтарын алды.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алтын Ибрагимқызы Ружева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}