Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова (23 желтоқсан 1943 жылы туған, Ақмола облысы, Астрахан ауданы Астраханка ауылы) – прозаик, драматург, қоғам қайраткері. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1972).
- М. Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын бітірген (1974).
- Орта мектепте мұғалім, Астрахан ауданы комсомол комитетінде нұсқаушы (1961 – 1964).
- 1965 жылдан «Қазақстан», «Жалын» баспасында редактор.
- 1976 – 1987 жылы ҚазКСР мемлекеттік кино, «Жаңа фильм» журналында бас редактор, Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметкер.
- 1988 жылдан «Қазақ» журналының бас редакторы.
- 1990 жылдардың басында Қазақстан көші-қон және демография агенттігін басқарды.
- Қазақстанның халық депутаты болып сайланған
Шығармашылығы
Шығармашылық жолын 1961 жылы бастады.
- «Амина, волки и конец света» (1967)
- «Аккоян – белая гончая» (1970)
- «Шалунья» (1972)
- «Перешагнувшие порог» (1982)
- «Неугомонная женщина» (1985) кітаптары жарық көрді.
- «Муслима» кинофильмінің сценарийін жазған.
Әңгімелері қазақ, неміс тілдеріне аударылған. Пьесалары Қазақстан, Өзбекстан театрларында қойылды.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>