Алтыншар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Алтыншар (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.


Табиғи жағдайда Солтүстік Америкада өсетін 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда мәдени түрде өсірілетін 2 түрі бар. Олардың биіктігі 1,5 – 2,5 м. Себеттері ірі, диам. 10 – 15 см, көп гүлді. Гүлдері сап-сары алтын түсті болғандықтан өсімдіктің аты осыған байланысты қойылған. Гүлорамы домалақ, екі қатарлы жапырақтан тұрады. Гүлтұғыры сүйірлеу. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, қыркүйек – қазанда жемістенеді. Тұқымдары төрт қырлы, айдаршасыз, оның орнына кішкене тісті тәжі шығады.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;</ref>

Өсімдік туралы

Алтыншар – көпжылдық шөптесін өсімдік. Оның табиғатта 40-қа жуық түрі бар. Шығыс Америкадан таралған. Бүгінгі күні әлемнің барлық жерінде өсіреді. Шілде-тамыз айларының аралығында гүлдейді. Алтыншардың түрлері көп болғанымен, барлығының гүлінде сары түс басым болып келеді. «Алтыншар» деген атауы да осы алтындай сары түсіне бола шықса керек. Ортаңғы күлтесі қоңыр, жиектегі гүл күлтесі сары немесе гүлі толығымен сары болады. Тіпті қоңыр қызыл гүлдерінің де жиегі сарымен жалғасып жатады. Ауланың үздіксіз гүлдеп тұруы үшін алтыншарды түймедақ, бақытгүлімен шахмат тәрізді егіп, жағалауына құртқашаш гүлін отырғызған жөн.

Күтімі

Алтыншар гүлі ерекше күтімді қажет етпейді. Тек топырағын құрғатпай суғарып, көшетін күн жақсы түсетін жерге отырғызу керек.

Көбейтілуі

Тұқымын себу және түбін бөлу арқылы көбейтеді. Ең оңай жолы түбін бөлу арқылы көбейту. Түбін екі жылда бір рет бөліп көбейткен дұрыс. Алтыншар маусым-шілде айларында гүлдеуі үшін түбін сәуір айының басында бөледі. Жас көшеттерді 50-70 см арақашықтықта еккен дұрыс. Сонда жайылып тез өсетін болады. Жай түрдегі алтыншар 5 жыл, гүлпарлы түрлері 3 жылға дейін бір орында жақсы өседі.

Алтыншар туралы тақпақ

Бақша гүлдері тобында,

Гүлдейді шілде, тамызда.

Әдемі, әсем сары гүл,

Өседі аулаларыңда.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер