Алтынның балқыма сынамасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Алтынның балқыма сынамасы. Стоматологиялық тәжірибеде алтынның әр түрлі балқымасы пайдаланылады. 900 балқыма сынамасы — 90% таза алтыннан, 6% мыстан және 4% күмістен тұрады. Балқыма ауыз ішінде тот баспайды, тоттанбайды, яғни химиялық бөлінуден аулақ келеді. 750 балқыма сынамасының құрамына 75% алтын, 8% күміс, мыс және 9% платина кіреді. Доға тәрізді протез құю үшін, кламмер, фарфорлы тістерді жасауда кең қолданылады. Дәнекер ретінде де осы балқыма сынамасы пайдаланылады, тек проценттік қатынасы сәл өзгеше. <ref>Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Medsci-stub