Алтынмен аптап, күміспен күптеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтынмен аптап, күміспен күптеу (алтынмен булау) - зергерлік тәсілінің атауы. Атаудың түптөркіні парсы тілінде «аб» су деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан деп пайымдайды зерттеушілер. Зергерліктегі бұл техниканың кұпиясы «алтынды сынапқа сындыр» деген сөз орамында сақталған: металдардың ішінде сұйық металл сынапқа алтынды сіңіріп, сынық алтын, су алтын деп аталатын (ғылыми атауы амальгама) қоспа алып, оны күміс немесе мыс бұйымның бетіне қалады. Оны көмірдің қозына қыздырғанда, сынап буға айналып, алтын металдың бетіне қалады. «Алтынның буына ұсталған бұйым» деген сөз осы аптау тәсілін білдіреді.Металға алтын жалатуды қазақ зергерлері қысқартып аптау дейді. Алтынмен апталғанда сынаптың буының улы болуына байланысты өте абайлап жасайды. Кейде аптауда бұйымның бетін түгел аптамай, белгілі жерлеріне ғана жұқалап алтын жалатады және ол үшін бұйымның апталмайтын жеріне тіркеу» деп аталатын қоспа жағады. Шіркеу дегеніміз 1 өлшем қарағай шайыры, 2 өлшем балауыз, 3 өлшем өсімдік майын қосып қайнатылған қоспа. Шіркеу жағылатын жерге алтын жұқпайды, «бетке шіркеу түсірме», «бетке шіркеу салма » деген сөз тіркесі осыдан шыққан.Олар-ұятыңа кір келтірме, абыройыңды сақта деген мағынада айтылады.Апталған бұйымның бетін түртпемен, безеуішпен, нақыш салғыштармен өрнектеп безендіреді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алтынмен аптап, күміспен күптеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}