Алтындау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтындау - зергерлік өнердегі тәсілдің атауы. Алтындаудың бірнеше түрлері бар: алтын жалату, аптау, алтынмен әшекейлеу, алтын ерітіндісіне батырып алу немесе заттың бетін түгелдей алтынмен көмкеру деген сияқты. Сондай-ақ, алтыннан сызық жүргізу; алтын бояуын жарыстыра салуды алтын жүргізу деп атайды. Алайда, заттың сап-сары боп жылтырап, әрі таттанбай тұруы үшін оған жұқалап алтын ерітіндісін (суын) жалату, яғни алтынмен бояу ұзаққа шыдамайды. Ол туралы халық арасында «Жалатқан алтын көшер, қара шойын қалар» деп келетін мақал қалыптасты. Алтынды отта балқытып, сұйық күйге келтірген соң ерітіндіге затты малып алғанда, бұйым алтын жалатылған, апталған болып шығады. Алтынды қоспасынан айыру үшін де ерітеді. Алтындау - халық зергерлері арасында өте шеберлікті қажет ететін тәсіл. Осыған орай, халық арасында алтынды еріте білмеген күл етеді, жібекті түте білмеген жүн етеді; алтынды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер; алтынды еріткенмен жез болмайды, жібекті жуғанмен бөз болмайды деген нақыл сөздер қалыптасқан.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алтындау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}