Алтай Сырымбет
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алтай Сырымбет - қазақ-қалмақ жаугершілігі заманында аты шыққан аға батыр. Сыр бойындағы, Шұбар теңіз жағасындағы, Сарысудағы шайқастарда қазақ жасақтарының бір бөлігін басқарып, Қабанбай батырға көмектескен. 1752 ж. 9 қыркүйектегі Сайын Белек, Шахдор, Батыр Убашылардың шабуылын тойтару ұрыстарына белсене қатысты. Швед офицері Йоган Ренаттың және артиллерия капитаны П.Унковскийдің хабарлауынша бұл кезде жоңғарларда 15 үлкен, 5 шағын зеңбірек және 20 мортир болған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify