Алпауыт

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Алпауыт — аса ірі жер иесі. Алпауыт сөзінің түбірі — “алып”. Қазақ даласында Алпауыт атауы аса зор көлемдегі жерге иелік, елге шексіз билік жүргізілген 18-19 ғ-да пайда болды. Жалаири Қосымұлы “Жами-ат-тауарих” кітабында Алпауытты тілмаш, еларалық келісімдерге жүретін елші түрінде көрсетеді. Алпауыт - қазақы ортада қолында мыңғырған малы мен билігі бар, атақты бай адам. Лауазымы жағынан көбінесе сұлтан, рубасы, би, тіпті, батыр да болуы мүмкін. Дәстүрлі түсінікте алпауыт адамның физиологиялық сәйкестілігіне де ерекше мән беріледі. Яғни алпауыт адам - әрі байлық пен биліктің иесі, әрі тұлғалы қарулы адам. Бұл атау - «алып» және «абыт» сөздерінің кіріге бірігуінен қалыптасқан сөз. Зор денелі, күшті, ауқатты, әрі билік саласында ерекше ықпалды тұлға деген мағынаны да білдіреді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub