Алмат Тобабергенұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алмат Тобабергенұлы (1805 — 1897) — қазақ байы. Жасынан Ресей (Орынбор) мен Бұхар арасындағы керуен саудасына белсене делдалдық жасап, орыс тілін меңгерді. 1868 жылға дейін 54-әкімшілік дистанциясының бастығы болды. Орыс армиясының хорунжий офицерлік шенін алды. Халық оны сардар деп атады. Ел арасындағы түрлі дау-жанжалдарды шешумен қатар, Орынбор шекаралық комиссиясының жұмысына араласты. Алмат білімі мен тәжірибесін көшпелі елінің мәдениетін көтеруге, тұрмыстық жағдайын жақсартуға жұмсады. Оларды орыс әкімшілігінің жүгенсіздіктерінен қорғап отырды. Бұл бағыттағы жұмыстары қазақтардың жартылай отырықшылыққа көше бастауымен тұспа-тұс келді. Алмат қыстаулардың салынуына, үйлердің құрылысына, қысқы мал азығын дайындауға барынша көңіл бөлді. Өз тарапынан Ырғызда бірнеше ағаш және кірпіш үй-жай салдырды. Орынбор генерал-губернаторына арнайы хат жазып (9.1.1866), егіншілікпен айналысатын қазақтарға көмек алды. Малы көп, бай болған Алмат балаларын оқытуға көңіл бөлді. Атақты батыр Есет Көтібарұлымен құда болды. Бір баласы Самұрат Алматұлы (1842 — 1922) көп жыл Ырғыз уездінің бастығының көмекшісі, Кенжеғара болысы қызметтерін атқарған, Романовтардың 300 жылдығы құрметіне алтын медальмен марапатталған. Алмат Ақтөбе облысы Ырғыз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жердегі ата қорымына жерленген. Ұрпақтары басына күмбез тұрғызған.

Дереккөздер

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алмат Тобабергенұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}