Алматы шиқылдағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Алматы шиқылдағы (Үлгі:Lang-la) – құртқашаштар тұқымдасының шиқылдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Iле Алатауының Ұзынағаш, Шамалған маңындағы тау етегінде өте сирек кездеседі. Биіктігі 10-15 см болады, жуашығы жұмыртқа тәрізді келеді. Қысқа сабағын 4-8 орақ сияқты қайырылып келген ұзын жапырақтары жауып тұрады. Сары жасыл түсті 1-3 гүлі бар. Наурыз-сәуір айларында гүлдейді, мамыр-маусымда жеміс береді. Тұқымынан, жуашықтарынан көбейеді. Алматы шиқылдағы-сәндік, әрі сирек кездесетін өсімдік. Сондықтан қорғауға алынып, ҚазақстанҚызыл кітабына” енгізілген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub