Алматы облыстық радиотелехабар тарату дирекциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматы облыстық радиотелехабар тарату дирекциясы (АОРТД) - 1997 жылы 16 қаңтарында облыс аймағындағы Бақанас, Жаркенттегі қуатты телевизиялық радиоорталық, Райымбек ауданы көлеміндегі 5 шағын телевизиялық ретранслятор, Алматы жанындағы ғарыштық "Орбита" және Фабричный елді мекеніндегі ғарыштық қабылдау - таратқыш "Жарық" стансалары құрамымен Алматы облысының радио-телевизиялық таратқыш орталығы (АОРТТО) құрылды <ref>Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: - 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5</ref>.

Ұжымның директоры Төлеген Залов, директордың орынбасары Қадыр Сағынбай. Ертеректе Талдықорған радио-телевизиялық орталығы құрамында қуатты Үлкен Шатан, Текелі, Қапал, Сарқанд, Лепсі, Суықсай, Сапақ, Достық, Үшарал және Райымбек ауданы аймағындағы 15 шағын қуатты телевизиялық ретрансляторлар болатын-ды. 2004 жылдың наурыз айынан бастап, Талдықорған және Алматы облыстарының біріктірілуі нәтижееінде АОРТТО мен ТРТО біріктіріліп, АОРТД құрылды. 2470 м. тау биігінде орналасқан Үлкен Шатан (Талдықорғаннан тікелей 50 шакырым) телевизиялық ретранслятор (TP) 1984 жылы іске қосылып, 230 шақырым радиус аймағында бағдарламаларды қабылдауға жол ашты. Діңгек биіктігі 180 м. Қазақстан көлемінде Текелі жаныңда алғашқы пассивтік TP қызмет істеді, кейін оның орнына шағын қуатты ТВ қойылды. Куатты ТР-дың алғашқылары электрондық лампалы "Зона-2" таратқышына сүйенді. Кейінірек қуатты және шағын ТВ-лар қатты денелі (жартылай өткізгішті) ресейлік "Полярис" сериясына ауыстырылды. Бұл күндері Алматы облысының аймағында 75 шағын және 6 қуатты TP бар. Аймақтың телевизиялық бағдармаларды қамту көлемі 98%. Үлкен Шатан TP "Қазақстан", "Хабар", "Еларна", "Евразия", "Жетісу", "КТК", "СТВ", "Астана", 7-арна бағдарламаларын, ал өзге қуатты ТР-ларда "Хабар", "Еларна", "Евразия","Жетісу" бағдарламалары таратылды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}