Алматы киноактерлер мектебі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматы киноактерлер мектебі — мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. 1943 Ж. Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер киностудиясы жанынан құрылып, 1948 жылға дейін жұмыс істеді. Мектепте режиссерлер Ю.Л. Рутковский, Л.Ғ. Ғалымжанова, Н.Бейсеков, Д.Тінәлина, Г.Шомбалова т.б. сабақ берді. Жұмыс істеген кезеңде әр ұлт өкілдерінен 30-ға тарта кино мамандары даярланды. Олардың қатарында кейін қазақ өнеріне айтарлықтай үлес қосқан К.М.Қожабеков, З.Н.Шәріпова, Т.Қосыбаева, Т.Аверкова, С.Мұхамеджанов, А.Қарсақбаев, Қ. және М. Әбусейітовтер т.б. бар.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}