Алматы жоғары банкі ісі мектебі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматы жоғары банкі ісі мектебі — арнаулы орта оқу орны.

1931 ж. Алматы есеп-несие техникумы болып ашылған. 1945 ж. КСРО банкісінің есеп-несие техникумы, 1949 ж. ҚазКСР қаржы министрлігінің Қаржы-несие техникумы, 1955 ж. КСРО мемлекеттік банкісінің Есеп-несие техникумы, 1992 ж. Ұлттық банктің Есеп-несие техникумы, 1994 ж. ҚР басқару академиясының Банк колледжі, ал 1996 ж. Қазақстан білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Банк колледжі болып өзгерді. 1998 ж. мамыр айынан бастап қазіргі атымен аталады. Мектептің күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде: қаржы және несие, бух. есеп және аудит, кеден ісі, сақтандыру ісі мамандықтары бойынша 735 студент білім алады. Мектепте — 34 оқытушы дәріс береді. Оқу мерзімі — 1 жыл 8 ай және 1 жыл 10 ай.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер