Алматы асуы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алматы асуы – Іле Алатауындағы асу. Теңіз деңгейінен 3599 м биіктікте орналасқан. Ол Іле Алатауының солтүстігіндегі Үлкен Алматы өзенінің саласы – Проходнаяның бастауы мен оңтүстігінде Шоң-Кемін (Қырғызстан) өзенінің оң саласы – Алматы өзенінің бастау аралығын қосып жатыр.
Жер бедері
Жол 1850 м биіктіктен өтеді. Асу орманды белдеммен, ал ең жоғары шегінде альпілік шалғынды жазықпен ұласады. Алматы асуының оңтүстігінде шыңдарын қар мен мұз басқан Күнгей Алатауы орналасқан. <ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>