Алматы Технологиялық институтының қазақ тілі кафедрасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматы Технологиялық институтының қазақ тілі кафедрасы Қазақстан Республикасы білім Министрлігінің нұсқауымен 1992 жылы ашылған. Кафедрада филология ғылымының кандидаты, доцент Молдабеков Қ. және қазақ тілінің мамандары аға оқытушылар: Б.Қ.Құлманова, С.Б.Бопышева, Қ.Т.Бидашева, оқытушы Б.А.Досжановтар қызмет істейді. Доцент Қ. Молдабековтың "Говарим по-казахски" (1993) және Б.Құлмановтың "Техникалық білім беретін оқу орындарының орыс топтарына қазақ тілінен ел танымдық әдістемесі" (1995 жылдары) атты еңбектері жарық көрді.

Қазіргі кезде қазақ тілі дербес кафедра емес, ол тілдер кафедрасының құрамына қосылған. Кафедра меңгерушісі филология ғылымының кандидаты, профессор Е.Н.Смайылқызы.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}