Алматының бүгіні мен ертеңі (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматының бүгіні мен ертеңі - Алматыдағы Қазақ мемлекеттік баспасынан 1963 жылы орыс тілінде жарық көрген кітап. Авторы - Е.Дүйсенов. 28 тараудан тұрады. Кітаппен таныса отырып, Алматы қаласы мен оның төңірегіне қызықты саяхат жасайсыз. Қаланың өткені мен бүгінгісі туралы көптеген қызықты жайлар айтылған. Арнайы бөлім Алматы қаласының болашақ келбетіне арналған. «Республиканың мәдени орталығы» тарауында Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті Қаныш Сәтбаевтың суреті беріліп, республикадағы ғылыми ойдың негізгі Орталық - Қазақ КСР Ғылым Академиясының қызметі, оның президенті Сәтбаевтың республиканың геологиялық жер қойнауын зерттеудегі еңбектері айтылады.

Орталық Қазақстанның металлогендік болжам картасын жасау - академик Сәтбаевтың басшылығымен іске асқан ғалымдар ұжымының тамаша ірі жұмыстарының бірі екені атап көрсетілген. Кітап көркем безендірілген, көпшілік оқырман қауымға арналған. Көлемі 11,8 баспа табақ. Таралымы 25 мың дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алматының бүгіні мен ертеңі (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}