Алматов Алмасбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматов Алмасбек - (1956. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Коркыт ст.) жырау, педагог, фольклор-зерттеуші. Қызылорда пед. ин-тын бітірген. 1982-84 жылдары осы ин-тта оқытушы. 1984-86 жылдары облысы кәсіптік білім беру басқармасының мәдениет бөлімінде жетекші маман <ref>Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: - 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5</ref>.

1986-88 жылдары облысы халық шығарм. орт-ның бөлім меңгерушісі. 1988-90 жылдары Құрманғазы атынд. Қазақ ұлттық консерваториясының "Халық әні" кафедрасының меңгерушісі болып қызмет аткарды.

1990 жылы Қызылорда мемл. ун-тінің "Халық әні" кафедрасының меңгерушісі. Қорқыт Ата атынд. халықар. ғыл. орт-тың жетекшісі. А. 20-дан астам ғыл., ғыл.-әдістемелік мақалалары жарық көрді. 4 көлемді күйтабақ пен 2 аудиодискі (Франция мен Жапонияда) шығарған.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйл-н алған (1986). Шыг.: Мелодия: "Шыгыс халықтарының фольклорлық музыкасы", аудиожинақ (Париж, 1987); Алуан-алуан жүйрік бар, (1988); "Жыр керуені" (1988), М.; Музыкалық аудиоэнциклопедия, VII-том, Токио, 1990. "Алтын адам" (1991).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}