Алмас мұнарасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғимарат

Алмас мұнарасы (Үлгі:Lang-ar) — Дубайдағы 360 метрлік мұнара. Ғимарат құрылысы 2005 жылдың басында басталып, 2008 жылдың аяғында аяқталды. Ғимарат 74 қабаттан тұрады, соның ішінде 70 коммерциялық мақсатта, ал 4 техникалық қабат ретінде қолданылады.

Ғимарат Эмирайх көліндегі кластерлердің ортасындағы жасанды аралда орналасқан және кластердегі ең биік ғимарат болып саналады. Мұнараны Atkins Middle East сәулет компаниясы жобалаған, құрылысты жапондық Taisei Corporation мен ACC (Arabian Construction Co.) фирмалары жүргізген. Nakheel Properties компаниясы жобаны 16 шілде 2005 жылдан басқарып келді.<ref>Nakheel awards Almas Tower construction contract gowealthy.com сайтында</ref>

Қолданылуы

Ғимаратта асыл тас биржасы (Dubai Diamond Exchange) және компанияның кеңсесі орналасқан. Мұнда компания алмастарды, маржандарды, асыл тастарды өңдеп, сатады.

Сонымен қатар Дубайдың асыл тастар клубы (Dubai Gems Clubt), Дубай маржан биржасы (the Dubai Pearl Exchange), «the Kimberley Process Certification» кеңсесі, келіссөздер бөлмесі, асыл тастарды тасымалдағанда қорғайтын компаниялардың кеңселері орын тепкен.

Марапаттары

«Алмас мұнарасы» “Emporis Skyscraper Award 2010” атты беделді конкурста сегізінші орын алған.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Аса биік ғимараттар