Алмастыру арқылы сұрыптау

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Bubble-sort-example-300px.gif
Мұнда алмастыру арқылы сұрыптау көрсетілген

Алмастыру арқылы сұрыптау - алгоритмдік сұрыптаудың ең жеңіл түрі болып табылады.Бұл алгоритмдік сұрыптау өте жеңіл, әрі оңай, себебі бұл сұрыптау улкен емес массивтерге қолданылады. Алгоритмнің қиындығы: O(n²).

Қысқаша мазмұн

Қайтсе де сұрыптаудың кез-келген әдісі алмастырумен, яғни жадыда екі элементтін орын ауыстырумен байланысты. Бірақ басқа әдістер үшін бұл әрекет көмекші болса, алмастыру сұрыптауы үшін бұл - процесстің басты сипаты болып табылады. Алмастыру арқылы сұрыптаудың мәні кестенің қатар тұрған элементтерін қос-қостан көптеп салыстырып және осы элементтерді берілген ретпен орын ауыстыруда. Бұның мәні мынада, Мысалы n элементтен тұратын А сандар массиві берілген. Оны алмастыру әдісін қолданып элементтерінің өсуі бойынша сұрыптау қажет.

Сурет:Алмастыру арқылы сұрыптау.jpg
Алмастыру арқылы сұрыптау

Алгоритм

  1. Өлшемі n болатын А массивін толтыру және экранға шығару;
  2. i:=1;
  3. A[i] >A[i+1] элементтерінің орындарын ауыстыру;
  4. i:=i+1 мәні үшін i:=n болғанға дейін 3 қадамды қайталау;
  5. Сұрыпталған А массивін экранға шығару.

Программалау

<source lang="c"> Program Aikesha_lay; Const n=8; var i, j, k: integer; A:array [1..n] of integer; p:boolean; Begin Randomize; Writeln('Берілген сандар массиві:'); For i:=1 to n do Begin A[i]:=Random(25); Write(A[i]:4); end; Repeat p:=true; For i:=1 to n-1 do If A[i]>A[i+1] then begin k:=A[i]; A[i]:=A[i+1]; A[i+1]:=k; p:false; end; until p; writeln; writeln('Өсуіне қарай сұрыптау нәтижесі:'); For i:=1 to n do Write(A[i]:4); readln; end. </source>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Қолданылған әдебиеттер

Үлгі:Refbegin

  • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  • Бурин Е. А. Программирование на языке Турбо Паскаль. А., 2000.
  • Вирт Н. Алгоритмы инструктуры данных.
  • Досмайлов Т. К. Паскаль программалау тілі. А.,1996.
  • Кнут Теория алгоритмов.
  • Матросов В. Л. Теория Алгоритмов.
  • Семашко Г. Л., Салтыков Г. Л. Программирование на языке Паскаль. М.,1988.

Сыртқы сілтемелер