Алман салығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алман салығы - Шыңжаң мен Моңғолиядағы қазақтар арасында ертедегі әкімшілік салығының жергілікті атауы. Алман моңғол тілінен кірген сөз, мағынасы әкімшілік дегенге саяды. Алтайдағы қазақтарда саяси- потестарлық дәстүрге негізделген жүйедегі «төрт орын» (сайланған төрт би) атты билік өкілдері алман салық салудың жолы мен мөлшерін белгілеп отырған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>