Алмалы ауданы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Әкімшілік бірлік-Қазақстан Алмалы ауданыАлматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Шаһардың орталық бөлігінде орналасқан. 1936 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы қаласының халық депутаттарының қалалық кеңесінің шешімі бойынша Сталин ауданы болып құрылған. 1957 жылдың 10 наурызында Сталин ауданының атауы Совет ауданы болып өзгертілді<ref>Алматы. Энциклопедия / Гл. ред. Козыбаев М. К.. — Алматы: Гл. ред. Казахской советской энциклопедии, 1983. — С. 81. — 608 с. — 60 000 экз</ref>. Ал 1995 жылдың 12 желтоқсанында Совет ауданы қазіргі Алмалы ауданы боп өзгертілді<ref>Алмалы ауданының төлқұжаты</ref>. Алмалы ауданы қаланың дәл ортасында орналасқан. Бұл аудан көп жылдар бойы қаланың әкімшілік орталығы, сондай-ақ қаланың мәдени және қоғамдық өмірінің орталығы болып саналып келді.

Қазіргі санақ бойынша Алмалы ауданында 449 өнеркәсіп мекемесі мен 624 сауда орындары жұмыс істеуде. Аудан аймағында 20 ЖОО, 19 СУЗ, 29 мектеп, 21 мемлекеттік және 8 жеке меншік балабақша, 29 денсаулық сақтау мекемелері, 5 мұражай, 8 кітапхана, 2 кинотеатр және 5 театр орналасқан.

Дереккөздер