Алмаз Әмірбекұлы Мырзахмет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жедел жойылсын Алмаз Әмірбекұлы МЫРЗАХМЕТжазушы, «Ханшайым», «Қала мозаикалары» кітаптарының авторы. «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты.

Сурет:Алмаз Мырзахмет.jpeg
Алмаз Мырзахмет

Биографиясы


1987 жылы 4 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы [1] ауданы, Қарынши ауылында дүниеге келген.
1993-1998 ж.ж. Қарынши орта мектебі;
1998-1999 ж.ж. №18 орта мектебі;
1999-2003 ж.ж. Қарағанды қаласы, Ж.Жабаев атындағы №7 мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, қазақ тілін тереңдетіп оқытатын сынып;
2003-2005 ж.ж. Мәншүк Маметова атындағы №26 орта мектепте оқыған.
2005-2008 ж.ж. Қарағанды Мемлекеттік гуманитарлық колледжіне оқуға түскен.
2008-2011 ж.ж. академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Психология» мамандығы бойынша білім алған.
2011 жылдан бері «Қасым» республикалық әдеби-қоғамдық журналында жауапты хатшы қызметін атқарып келеді.
2011-2013 ж.ж. академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистратурасында оқыған. Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін 2013 жылы қорғаған. Диссертациясының тақырыбы: «Қазіргі қазақ прозасындағы тұлға концепциясы (2000-2010)».

Шығармашылығы

  • 2006 жылы Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы жанынан «Жыр Жауһар» поэзия клубын құрған.
  • XIV «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі, «үздік әдеби шығарма» (проза) номинациясы бойынша І орын иеленген.
  • Дәстүрлі Ғабиден Мұстафин атындағы жас қаламгерлер байқауының Бас жүлдегері.
  • Республикалық «Атамекен», «Махамбет оқулары», «Қайрат рухы» байқауларының жеңімпазы.
  • Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Аңсар – 2015» әдеби байқауында «Жылдың үздік жас жазушысы».
  • Ж.Тәшенов атындағы жыл қорытындысында «Жылдың үздік жазушысы» атанған (2016).
  • Республикалық «Ауылым — алтын тұғырым» әдеби байқауының ІІ орын иегері (драматургия) (2016)
  • 2013 жылы мемлекеттік тапсырыспен «Жалын» баспасынан «Ханшайым» әңгімелер жинағы жарық көрген. Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында «Біздің ғасыр» атты шығармашылық кеші өткен. Кеш аясында «Біздің ғасыр» атты аудио-жинақ пен «Ханшайым» кітабының тұсауы кесілді.
  • 2016 жылы «Гласир» баспасынан «Қала мозаикалары» кітабы шыққан.
  • «Сарыарқа» сериясымен шыққан 100 томдықтың «Өрім» атты проза бөліміндегі алты автордың бірі. «Жас толқын» жас қаламгерлер жинағына, «Өмірге келер әлі талай Қасым...» жинағы, «Ғ.Мұстафин атындағы жас қаламгерлер байқауына» ұсынылған әңгімелер жинағына, «Тәуелсіздік тұғыры» республикалық жас қаламгерлер фестивалі жинағына әңгімелері енгізілген. Республикалық, алыс-жақын шетелдік баспа беттерінде әңгімелері жиі жарияланып тұрады.

Ғылыми жұмыстары


«Қазіргі қазақ әдебиеті» оқу құралы, ф.ғ.д., профессор Ж.Жарылғаповпен бірге. Алматы: «Эпиграф» баспасы, 2016 жыл.
«Қазіргі қазақ әдебиеті» электронды оқу құралы. Әділет министрлігі, 2016 жыл.

Қызметтері


  • Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіндегі қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми бағыты: «ХХІ ғасыр қазақ әдебиеті», «Шығармашылық шеберханасы», «Қазіргі қазақ әдебиеті».


  • "Қасым" республикалық әдеби-қоғамдық журналының жауапты хатшысы