Алмазбек Атамбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алмазбек Атамбаев (17 қыркүйек 1956 жылы, Арашан ауылы, Аламудун ауданы, Шу облысы, Қырғыз КСР)— тәуелсіз Қырғызстан тарихындағы төртінші президент, Қырғыз Республикасы Үкіметі Премьер-министрі (04,2007-12,2007 және 12,2010-11,2011) Қырғызстан самбо федерациясының құрметті басшысы.
2011 жылы қазанның 30-ы күні өткен бүкілхалықтық сайлауда 62,52 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан конституциясына сәйкес, алты жыл мерзімге президент болып сайланды.
Бұдан бұрын оппозиционер ретінде танымал, Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясының көшбасшысы, кейінірек премьер-министр болған.