Аллотриофагия синдромы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аллотриофагия (Үлгі:Lang-el - бөтен, Үлгі:Lang-el - жейді) — науқас жеуге жарамайтын бөгде заттарды жеуге құмартуы. Бұл жиі психикалық бұзылуы бар науқастарда байқалады.

Аурудың сипаты

Науқас тар инелер, шыны, тырнақ, қапсырмалар немесе зиянды химиялық заттар сияқты үшкір заттарды жұтып, өзіне зиян келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, мұндай ауытқу жүйке жүйесінің бұзылуынан немесе әйелдердің жүктілік кезеңінде пайда болуы мүмкін. Аллотриофагия синдромы 2 түрлі жағдайда көрінуі мүмкін.

Бірінші түрі

Психикалық ауытқулары бар аурулардың, адам тұтыну үшін арналмаған элементтерді, заттарды пайдалану кезеңі. Шизофрения науқастары бөгде заттарды жеуін не жұтып қоюын бақылай алмайды. Ақыл-ой және физикалық сау адамдарда да кездеседі, бірақ ол тек бірнеше жағдайларда ғана. Жүктілік кезінде әйелдер бор немесе әк жеуге ықыласы болады.

Екінші түрі

Бұл жағдайда, бала тәбетінің қатты ашылуы. Ақыл-есі, шизофрения немесе кез келген басқа да психикалық бұзылуы жоқ. Бұл 1 жастан 6 жас арасындағы балаларда ең көп таралған белгілері. Бастапқы кезеңі қызушылықтан басталса, кейіннен азық-түлікпен қосымша немесе оның орнына бөгде элементтерді пайдаланып отыруы. Ол топырақ, тас, бояу сіріңке, желім т.б болуы мүмкін. Бала 2-2,5 жасында азық-түлік емес бөгде заттарды анықтауға қабілетті. Аллотриофагия адам денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Бұл улану және ішекте паразиттердің пайда болуына әкеліп соғады. Кей жағдайларда хирургиялық отаның да қажеттілігі туындайды.

Аурудың себебі

Балалық шақтағы аллотриофагияның нақты себептері бірнеше этиологиялық факторлардың бұзылуын анықтаумен басталған: бала мен оның отбасы арасындағы патологиялық қарым-қатынас; дәрумендер, амин қышқылдары мен бала үшін қажетті басқа да компоненттер тапшылығы; жеуге және жеуге жарамсыз идеясын қалыптастыру, ерекше мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрып, т.б. тамақтанудың әсерлері.

Емі

Бүгінгі күнге дейін аллотриофагияны жою үшін ешқандай нақты дәрі мен емдеу жоқ. Науқас кәсіби диетолог қатысуымен, қоректік тапшылықтан құтылуы керек. Қоректік заттардың деңгейін арттыру диеталық емдеу арқылы,психотерапияның көмегімен орын алады. Осы әдістердің бірнешеуін тізуге болады: отбасылық терапия; жирену терапия; психоәлеуметтік стрессті шектеу, дұрыс тамақтану кестесін құру. Бұл әдістердің барлығы балаға ойын түрінде жүзеге асырылып, ойын материалының түрлілігін арттыру. Балаға өзін тануға көмектесу болып табылады.<ref>А. М. Прохоров Аллотриофагия // Большая советская энциклопедия : — 3-е изд. — М. 1978</ref> <ref>Медициналық анықтама Алматы 2010 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер