Алжир журналистикасының тарихы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алжир журналистикасының тарихы – тұрғындардың саны 23 млн-құрайтын Алжирде 150 мерзімді басылым жарыққа шығады. <ref>Рамазан А. Шетел журналистика тарихы: Оқулық. Алматы. Қазақ Университеті 2006 жыл. ISBN 9965-30-054-2</ref>

Олардың көпшілігі француз тілінде жарық көреді. Ең ірі ықпалды басылымы ретінде 1965 жылы «Альжереспублике»,«Пепль» газеттерінің базасында пайда болған «Эль-Мужахидті» атауға болады. Сонымен қатар күнделікті «Аш шааб» (халық), «АнНаср» (жеңіс) басылымдары 60–шы жылдардан бастап жарыққа шығып келеді. Газет беттерінде елдің хал-ақуалы, мен елде болып жатқан күнделікті маңызы бар жаңалықтар, оқиғалар жарияланып отырады.

Ал апталық газеттердің ішіндегі ықпалдысы Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінің саяси әлеуметтік мәселелерін көтеретін «Альжериакуалите» (Алжирдің соңғы жаңалықтары) атауға болады. 1961 жылдан бері БАҚ-ты түрлі ақпараттармен қамтамасыз ететін Алжир үкіметінің ақпараттық агенттігі «Альжери Пресс сервис».

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}