Алексей Егорович Бадаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бадаев Алексей Егорович (4.2.1883 – 3.11.1951) – совет мемл. және партия қайраткері. Орел губ. Карачаев уезінің Юрьево дер- сында кедей шаруа отбасында туған. 1904 жылдан Компартия мүшесі. Александров з-дында және Николаев т. ж-нда слесарь болып істеді. 1912 жылы Петербург және Петербург губ. жұмысшылары атынан 4-Мемл. думаға депутат болып сайланды. Онда большевиктік фракцияның мүшесі болды. РСДЖП ОК-нің Краков және Поронин кеңестеріне (1913) қатысты. РСДЖП Петербург комитеті мен ОК Орыс бюросының мүшесі (1913-14), В.И. Лениннің ұсынысы бойынша «Правданың» ресми шығарушысы болды. 1914 жылы қарашада тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Петроград қалалық думасына сайланды, Петроградта Октябрь қарулы көтерілісіне қатысты. Октябрь революциясынан кейін жауапты партия, сов. қызметтерінде болды. Бадаев 1930 жылдан Тұтыну қоғамдары Москва қалалық Советі председателінің орынбасары қызметін атқарды. КСРО ОАКөнің мүшесі. 1938-43 жылдары. РКФСР Жоғары Советі Президиумының Председателі және КСРО Жоғары Советі Президиумы Председателінің орынбасары, 1943 жылдан КСРО Тамақ өнеркәсібі министрлігі коллегиясының мүшесі болды. Бадаев партияның 11-13 съездерінде РК(б)П ОК-нің мүшелігіне кандидат, 14-18 съездерінде ОК- нің мүшесі болып сайланды. Бадаев 1929 жылы «Большевиктер мемлекеттік думада» естелігін жахды. 2 рет ленин орденімен, басқа да орден, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер