Александр Петрович Сумароков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Александр Петрович Сумароков (1717 жыл 25 қараша - 1777 жыл 12 қазан) - орыс ақыны әрі драматургы.

Өмірі

Ежелгі дворян тұқымынан шыққан. 1732-1740 жылдары әскери корпуста оқыды. Алғашқы өлеңдерін Василий Кириллович Тредиаковскийге еліктеп жазды. «Хорев» (1747), «Гамлет» (1748), «Синав пен Трувор» (1750) трагедияларын жазды. 1756-1761 жылдары орыс театрының директоры болды. 1759 жылы «Еңбекқор ара» атты тұңғыш орыс әдеби журналын шығарды. 1770 жылдары «Елестегі мүйізді», «Шеше қызымен бірге», «Іріткі салғыш әйел» (1772) комедияларын, «Әулекі Дмитрий» (1771), «Мстислав» (1774) трагедияларын жазды.<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 444 бет </ref>

Дереккөздер

<references/>