Александр Павлович Самойленко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Александр Павлович Самойленко – (1948 жыл, 14 тамыз, Алматы облысы, Талғар қаласы) – жазушы, аудармашы.

Еңбек жолы

1971 жылы ҚазҰУ-ды бітірген. “Простор” журналының бөлім меңгерушісі, “Литературна газетаның” Қазақстан бойынша меншікті тілшісі болған. Қазір “Столичная жизнь” газетінің бас редакторы. Бірнеше повесть, әңгімелер жинақтары шыққан. Қазақ жазушылары Т.Иманбеков, Х.Абдуллин, Қ.Жұмаділов шығармаларын орыс тіліне аударған.

Белгілі шығармасы

Год журавлей. Повесть, Рассказы. Алматы, 1979.<ref> Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2010. - 576 б. ISBN 9965-26-096-6 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер