Александр Меркель

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Футболшы

Александр Меркель – Қазақстанда туған германиялық жартылай қорғаушы. Швейцариялық Грассхоппер<ref>Үлгі:Cite web</ref> футбол клубының ойыншысы.

Жеке өмірі

1992 жылы, 22 ақпандa Алматы облысында дүниеге келген. Александрдың әкесі де футболшы болған. Кезінде Алматының «Қайраты» сапында өнер көрсеткен. Александр 6 жасына дейін Қазақстанда тұрған. Кейіннен тарихи отандарына қоныс аударды. Бірақ, Қазақстан азаматтығын сақтап қалған. Германияда «Вестервальд» командасының футбол мектебіне барды.

Мансабы

12 жасында «Штугарттың» жасөспірімдер клубына шақырылды. Жалпы Меркель Германияның 15 жастан 20 жасқа дейінгі аралықтағы барлық құрамасында өнер көрсеткен.

2008 жылы Германиядан Апенин түбегіне қоныс аударды. Ол жақта атақты «Милан) » клубына ойнады. Алғашқы дебюттік кездесуін 2010 жылдың 8 желтоқсанында Чемпиондар лигасының топтық кезеңнің соңғы матчында «Аякске» қарсы өткізді. Ал 2011 жылдың 6 қаңтарында А Сериясындағы алғашқы ойынына шықты. Бірінші голын Италия кубогы аясында «Бари» қақпасына соқты.

2011/2012 жылғы маусымның алдында «Милан» мен «Дженоа» клубтары Стефан Эль-Шаарави мен Александр Меркельді ауыстыру жайлы ортақ келісімге келеді. 2012 жылы «Милан» Александрды өздеріне қайтадан қайтарып алады. 2013 жылы Италияның Удинезе кубында өнер көрсетті. 2014 жылы Англиялық Уотфорд клуында ауыстырылды.Қазір Швейцариялық Грассхоппер клубында ойнайды.

Сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер