Александр Константинович Гейнс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гейнс

Гейнс Александр Константинович (1834, Ресей — 1893) — қазақ халқының этнографиясын зерттеуші.

2-Константиновское әскери уч-щесін, 1859 ж. Бас штабтың академиясын бітірген. 1865 — 66 ж. қазақтардың әдет құқығы мен қазақ даласының түрлі аудандарындағы шаруашылықты жүргізудің ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Г-тің “Қырғыз очерктері” аталатын еңбегінде Өскемен, Семей, Петропавл, Көкпекті, Аягөз, Қапал, т.б. қалалар мен бекіністер, Орынбор, Есіл, Ертіс, Бұқтырма бекініс жүйелерінің салынуы, Жетісу өңіріндегі қазақ-орыс қатынастары, Абылайкит бұтханасының құлаған орны, Лепсі өз. бойындағы қалмақ бейіттері туралы маңызды мәліметтер бар. Ш. Уәлихановтың өмірбаянына қатысты деректер келтірілген. ГЕЙНЕ қазақ өлкелерін басқару жөніндегі 1867 — 68 ж. сот-әкімш. реформаларын, “Дала облыстарын басқару туралы ереженің” (1891) бастапқы нұсқасын даярлауға қатысты.

Гейнс Александр Константинович (1834-1892) — орыс этнографы. 2-Константиновское әскери училищесін бітірген. Севастополь қорғанысына қатысты. 1859ж. Бас штабтың Академиясын бітірді. 1863 ж. Полына көтерілісін басуға қатысты. 1867-68 ж. реформа қарсаңында (1865-66) қазақтардың дәстүрлі құқығы мен қазақ даласының түрлі аймағында шаруашылықты жүргізудің ерекшеліктерін зерттеу мақсатымен шыққан комиссия құрамында болды. Гейнс — "Сырдария, Жетісу облыстарын басқару жөніндегі ереже жобасының" авторы. 1867-69 жылдары Түркістан генерал-губернаторы кеңсесінің басқарушысы, Гейнстің 1865-66 ж. Батыс Қазақстанды аралаған саяхатында кең көлемді күнделігі жарық көрді.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Александр Константинович Гейнс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}