Александр Александрович Фадеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Александр Александрович Фадеев (партизандық лақап аты — Булыга; 24 желтоқсан, 190113 мамыр 1956) — орыс, кеңес жазушысы және қоғам қайраткерлері. Бригада комиссары (1942 жылдан бастап полковник). Бірінші дәрежелі Сталин орденінің лауреаты (1946). 1918 жылдан бастап КОКП-ның мүшесі.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Өмірдерек

Жастық шағы

А. А. Фадеев 1901 жылы 24 желтоқсанда Кимри ауылында (қазіргі Тверь облысындағы қала) дүниеге келді. Жазушы кішкентай кезінен бастап өте дарынды бала болып өседі. Төрт жасында әпкесі Таняны қалай оқытқанын бақылап отырып, әліпби үйренді. Сонымен қатар, жазушы төрт жасынан бастап әртүрлі кітаптарды оқып,таңғажайып ертегілер мен әңгімелер құрастырды. Қаламгер кішкентай кезінен бастап Джек Лондон, Майн Рид, Фенимор Купер сынды әлем әдебиеті классиктерін сүйіп оқыды. 1908 жылдан бастап Фадеевтің отбасы Оңтүстік-Уссурийск өңіріне (қазіргі Примор өңірі) көшіп, балалық шағы мен жас кезі осы өңірде өтті. 19121918 жылдары Фадеев Владивосток Коммерциялық училищесіне оқуға түскенмен, бұл оқуды аяқтамай, өмірін революциялық жұмыстарға арнауды жөн көрді.

Революциялық қызметі

Жазушы Владивосток Коммерциялық училищесінде оқып жүріп, большевиктер комитетінің астыртын жұмыстарына белсене араласты. 1918 жылы партияға мүшелікке өтіп, «Булыга» лақап атын қабылдады. Партиялық қызметі белсенді жүріп, партия үгітшісі болды. 1919 жылы Қызыл партизандарының Ерекше Коммунисттік қатарына қабылданды.
19191921 жылдары Қиыр Шығыстағы жауынгерлік қақтығыстарға қатысып, осы кезде жараланады. 13-ші Амур полкының комиссары және 8-ші Амур атқыштар бригадасындағы посттарда қызмет етті. 1921—1922 жж. Мәскеу тау-кен академиясында білім алды. 1921 жылы КОКП-ның Х съезіне делегат ретінде қатысып, Петроградқа аттанды. Кронштад көтерілісін басу үшін құрылған топта қызмет етіп, екінші рет жарақаттанды. Ем қабылдап, әскерден қайтқан соң Фадеев Мәскеуде қалды.

Әскерге дейінгі кезең

1939 жылы Фадеев КОКП Орталық Комитетінің мүшесі болды.

Шығармашылығы

Әдеби шығармашылығының басталуы

Александр Фадеев өзінің ең алғашқы тырнақалды «Разлив» атты шығармасын 1922—1923 жылдары жазды. 1925—1926 жылдары бастап жазған «Разгром» романынан кейін Фадеев кәсіби жазушы болуды мақсат тұтты. «Разгром» романы жас жазушыға атақ пен абырой алып келді<ref name=Ref7904>«Литературная энциклопедия» Т. 11 / М.: Худож. лит., 1939. «Фадеев Александр Александрович» мақаласы 28 қыркүйек, 2008</ref> . Алайда, жазушы осы жұмысынан кейін әдебиетке көп көңіл бөле алмады. Себебі, осы тұста Фадеев әдебиет және қоғам қайраткері, Ресей Пролетариат Жазушыларының Ассоциациясының көшбасшысы қызметтерінде болған еді.

Кейінгі жылдар шығармашылығы

Жазушының жас шағында туған «Разгром» және «Последний из Удэге» романдары Уссурийск өңірінде жазылды. «Разгром» романының басты идеясы, проблематикасы партия басшылығы, таптық күрес, кеңес үкіметінің орнауы жайына арналады <ref name=Ref7904/>. Басты кейіпкерлері - қызыл партизандар, коммунисттер (мысалы, Левинсон). Ал қаламгердің «Последний из Удэге» романы – Ресейдегі Азаматтық соғысқа арналып жазылған, аяқталмаған роман.

Сонымен қатар, Фадеев социалисттік реализм тұсындағы әдебиеттің дамуы жайында көптеген очерктер мен мақалалар жазды.

Фадеев КСРО әдебиетін 20 жылға жуық уақыт басқарып келді. Сондықтан болар, халық жазушыны «Жазушылық министр» деп атап кеткен<ref name=Ref8790>Наталья Иванова «Личное дело Александра Фадеева» «Знамя» 1998, № 10 28 қыркүйек, 2008жылдың сілтемесімен</ref> . Жазушының соңғы жазылған «Черная металлургия» романы аяқталмай қалды. Себебі, түрлі қоғамдық жұмыстарға араласқан Фадеев шығармашылық жұмыстарға аз көңіл бөлді. Қаламгердің 50-60 авторлық бет шамасында іргелі туынды жасау жоспарында бар еді. Алайда, жазушы өлгеннен кейін, қаламгердің қолжазба нұсқаларынан 3 баспа табақ көлемінде 8 бөлімнен тұратын жинағы «Огонек» журналына басылып шықты<ref name=Ref8790/>.

«Жас гвардия» романы. Шындық пен жалған

«Жас гвардия» романының идеясын В.Г. Лясовскийдің кітабынан және М. Котовтың 1944 жылғы «Сердца смелых» шығармаларынан алды деген пікір бар. Ұлы Отан соғысы біткен соң (1941—1945) Фадеев Донбасстағы герман фашисттері басып алған территорияда астыртын қызмет еткен жас гвардия туралы роман жазуға кірісті. Фашисттер олардың көбін өлтіріп тастаған еді. Роман – «Жас гвардия» деп аталды.

1943 жылы ақпан айының ортасына қарай, кеңес әскері Краснодонды жау қолынан босатқан соң, қаладан қашық жерде № 5 шахтаның орнында фашист әскерлері қинап өлтірген жас гвардияшылардың мәйіттері табылды. Осы оқиғадан соң «Правда» газетінде Александр Фадеевтің «Бессмертие» атты мақаласы жарық көрді. Осы мақаланың негізінде жазушы «Жас гвардия» романын жазды<ref>Ұлы Отан соғысы аңыздары</ref>

Кітап алғаш рет 1946 жылы жарық көрді. Фадеев осы романы үшін өте қатты сынға ұшырады. Кеңес үкіметінің құзырлы органдарында, КОКП ОК органында, «Правда» газетінде, тіпті Сталиннен қатаң ескертулер алды.<ref name=Ref8790/>

Фадеев: «Мен жас гвардияшылардың шынайы тарихын жазған жоқпын, роман жаздым. Бұл ойдан шығарылған көркем шығарма болуы да мүмкін» дейді.</blockquote>

Соған қарамастан, 1951 жылы жазушы романның екінші нұсқасын бастырып шығарды. Бұл нұсқада жазушы көптеген өзгертулер мен түзету жұмыстарын жасап, оқиға желілерінде коммунисттік партияның басқаруына, ықпалына көп тоқталады<ref name=Ref1583>Ұлы Отан соғысы аңыздары. «Молодая гвардия» сми.ру 26 сәуір, 2005 жыл 28 қыркүйек 2008 жылдан сілтеме</ref>.

Романның алғашқы нұсқасының желісі бойынша «Жас гвардия» фильмі түсірілді. Аталмыш фильм де өңделген нұсқа бойынша қайта түсіріліп шықты. Алайда, фильмді басынан аяқ қайта түсіру – кітапты қайтадан жазып шығудан да қиын еді.<ref name=Znamya1>«Знамя» журналының тарихы. Естеліктер жинағы</ref>

1980-шы жылдардың аяғына қарай «Жас гвардия» романы партия тарапынан идеологиясы дұрыс деп қабылданып, қолдау тапқан роман болды. Роман КСРО оқыту бағдарламасына еніп, 1950—1980 жылдары білім алған кез келген оқушыға жақсы таныс еді.<ref name=Ref1583/><ref name=UG1>«Жас гвардия ескірді ме?» оқытушылар газеті. № 40/2006-10-03</ref>

Қоғамдық–саяси қызметі

Көп жылдар бойы Фадеев түрлі дәрежедегі жазушылық ұйымдардың басшысы қызметінде болды. 1926—1932 жылдары Ресей Пролетариат Жазушыларының Ассоциациясында идеолог–басқарушылардың бірі болды.

КСРО Қазақстан жазушылар одағында:

  • 1932 жылы Ресей Пролетариат Жазушыларының Ассоциациясы жабылған соң КСРО Қазақстан жазушылар одағын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшесі;
  • 1934—1939 — ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары;
  • 1939—1944 — хатшы;
  • 1946—1954 — бас хатшы және басқарма төрағасы;
  • 1954—1956 — басқарма хатшысы.

Бүкіләлемдік Бейбітшілік Кеңесінің вице-президенті (1950 жылдан бастап). 1939—1956 жылдары КОКП ОК-нің мүшесі; 1956 жылы КОКП ОК-нің XX съезінде мүшелікке үміткер болып қабылданды. 1946 жылдан бастап КСРО жоғарғы кеңесінің 2-4-ші шақырылымдарының депутаты және Ресей Федерациясы жоғарғы кеңесінің 3- ші шақырылым депутаты.

1942—1944 жылдарда Александр Фадеев «Литературная газета» басылымында редактор, «Октябрь» журналының ұйымдастырушысы және редколлегия мүшесі болды <ref name=Ref67301>http://magazines.russ.ru/october/ok/historia.html «Немного истории с картинками» журнал «Октябрь» 28 қыркүйек, 2008 жыл</ref> .

Ұлы Отан соғысы жылдарында Фадеев Кеңесақпарат бюросында және «Правда» газетінде әскери корреспондент қызметінде болды. 1942 жылы қаңтарда жазушы репортаж жасау үшін Калинин фронтының ең қауіпті жерлерінде болып, ақпарат жинады. Осы жылдың 14 қаңтарында Фадеев соғыста көрген ойларын «Правда» газетінде «Зұлым-талқандаушылар және жасампаз адамдар» атты мақаласында бүкпей айтты. «Боец» очеркінде жазушы қызыл армия солдаты, өлгеннен кейін Кеңес одағының батыры деп мойындалған – Яков Падериннің жауынгерлік бейнесін суреттеді: 1941 жылы Калинин үшін шайқаста, жау дзотының алдында (жер қазып үстіне бөренелер салынған атыс орны) Падерин ауыр жарақаттанғанына қарамастан, дзот ұңғысын өз денесімен қалқалады.

Азаматтық ұстанымдары. Соңғы жылдар бедері

Александр Фадеев КСРО Қазақстан жазушылар одағының төрағасы болғанда үкіметтік шаруалар мен партия шешімдерін өз өмірінде әріптестері — М. М. Зощенко, А. А. Ахматова, А. П. Платоновтарға қарағанда көп пайдаланды. Кеңес үкіметінің жазушылары Зощенко мен Ахматованы әдебиетші ретінде жоюға алып келген 1946 жылғы Ждановтың тарихи үкімін қостаушы және іске асыру мақсатында құрылған топтың ішінде біз сөз етіп отырған Фадеев те болды.<ref name=Ref18251>«Зеркало Недели» № 20 (599) 27 мамыр — 2 маусым, 2006 «Ангелы и демоны Александра Фадеева»</ref> 1949 жылы Александр Фадеев «Правда» газетінде «Театр сыншыларының антипатриоттық тобы туралы» деген атпен жарияланған бағдарламалы мақаланың авторларының бірі болды. Аталмыш мақала «Космополитизммен күрес» атты бірлестіктің құрылуына негіз болды.

Алайда, 1948 жылы Фадеев КСРО Қазақстан жазушылар одағының қорынан бір тиынсыз қалған М.М. Зощенкоға ақшалай көмек көрсетуі туралы өтініштер айтқан. Сонымен қатар, қаламгер билікке жақпаған— Б. Л. Пастернак, Н. А. Заболоцкий, Л. Н. Гумилёв сынды әдебиетшілерге шын ықыласымен көмек көрсеткен болатын<ref name=Ref8790/>. Андрей Плотоновтың емделуіне оның жұбайына бірнеше рет жасырын түрде ақша берген болатын.

Қалмгердің мінезіндегі, жалпы өміріндегі, іс-әрекеттеріндегі екіге бөлінушіліктің соңы өте үлкен дағдарысқа алып келді. Өмірінің соңғы жылдары жазушы ұйқысыздық ауруына ұшырап, ішкілікке салынды <ref name=Ref18251/>. Кейіннен «Барвиха» шипажайында емделуден өтті.

Илья Эренбург бір сөзінде Фадеев туралы былай дейді:

Фадеев ержүрек, бірақ тәртіпті солдат. Ол бас қолбасшының құқықтық құзыретін ешқашан ұмытқан емес.<ref>Эренбург И. Адамдар, жылдар, өмір. Т. 3. М., 1990. С.127</ref>

Фадеев Хрущев жылымығын қабылдаған жоқ.<ref name=Ref199>«Жылымықты» қабылдамаған Александр Фадеев</ref> Осы оқиғаға байланысты 1956 жылы КОКП ОК-нің XX съезінде кеңес әдебиетшілерінің көшбасшысының қызметі Михаил Шолоховтың тарапынан қатаң сынға ұшырап, Фадеев КОКП орталық комитетінің мүшелігіне өтпей қалды. Ол тек мүшелікке үміткер қатарына сайланды.<ref name=Ref8045>Торчинов В. А., Леонтюк А. М. Сталин айналасында. Тарихи-биографиялық анықтамалық. Санкт-Петербург, 2000</ref> Фадеевті кеңес жазушыларының ішіндегі репрессияның себепшісі деп айыптады. КОКП ОК-нің XX съезінен соң Фадеевтің өз ары алдындағы кінәсімен күресуі шегіне жетті. Қаламгер өзінің ескі досы Юрий Либединскийге: «Өз арым азаптады. Қанды қолмен өмір сүру қиын, Юра» деген екен.<ref>Авдеенко А. «Наказание без преступления». М., 1991. С. 241</ref>

Өлімі

1956 жылы, 13 мамырда Александр Фадеев Переделкинодағы саяжайда өз тапаншасынан атылып өлді. Жазушы туралы қазанамада жазушының өзін-өзі өлтіруінің ресми себебі – алкоголизм деп көрсетілген.<ref name=Ref100>Ресми қазанама: «А. А. Фадеев көп жылдар бойы алкоголизм ауруымен ауырды. Соңғы үш жылда ауру өршіп, жүрек бұлшық еттері мен бауыр дистрофиясына алып келді. Ол көптеген емдеу орталықтары мен шипажайларда емделді ( 1954 ж. — төрт ай, 1955 ж. — бес жарым ай және 1956 ж. — екі жарым ай). 13 мамырда алкоголизмдік ұстаманың әсерінен болатын депрессиядан соң, жазушы өзін-өзіне қол жұмсады».</ref> Шындығында, өзіне қол жұмсардан екі апта бұрын А. А. Фадеев ішкілікті қойып, «шамамен бір апта бұрын әртүрлі адамдарға хат жазып, өлімге дайындалған көрінеді» (Вячеслав Всеволодович Иванов)<ref>ПЕРЕДЕЛКИНДЕГІ САЙРАН — Академик Вяч. Вс. Иванов атақты жазушылық поселке туралы Алла Латынинаға берген сұхбатыда</ref>.

Фадеевтің анасының жанында жерленуі туралы қалауына қарамастан, Новодевичье мазарында жерленді (№ 1 учаскесі).<ref name=Ref8790/>

Қаламгердің өлер алдында КОКП ОК-не арналған хатын ҰҚК алғаш тек 1990 жылы ғана жариялады. Хат қысқаша мына үлгіде болды:

Үлгі:Start citation …Менің қаламгерлік өмірім өзінің бар маңызын жойып бара жатыр. Сондықтан мен өтірік пен жалаға, арамдыққа толы өміріммен аса зор қуанышпен қоштасамын. Менің үш жылдан бері жазып жатқан көптеген өтініш-арыздарыма қарамастан, билік басындағылар мені қабылдамады <ref>А. А. Беляев естелігінде: « 1968 жылы… Орталық Комитеттің хатшылары Твордовскийдің хаттарына жауап бермей, оны мүшелікке қабылдаған жоқ еді. Фадеевке қатысты дәл осындай шешімді Орталық комитет жазушының өліміне дейін қабылдады» [1].</ref>. Мені анамның жанында жерлеулеріңізді сұраймын. Үлгі:End citation

Жеке өмірі

Фадеевтің ата-анасы мамандығы бойынша фельдшер еді, бірақ өмірде олар кәсіби революционерлер <ref>Овсянкин Е. И. Жазушы Фадеевтің ата-анасы Шенурскіде некелесті</ref><ref>Елькин М. Ю. А.А. Фадеевтің Уралдық түп-тамыры. // Уральский родовед. Вып.1. Екатеринбург,1996 г.</ref>. Әкесі — Александр Иванович Фадеев (1862—1916), анасы — Антонина Владимировна Кунц.

Фадеевтің бірінші әйелі – Валерия Анатольевна Герасимова, екінші әйелі (1936 жылдан бастап) КСРО халық әртісі— Ангелина Степанова болды. Ангелина Осиповнадан жазушының Александр және Михаил атты екі ұлы болды <ref>«Комсомольская правда» 14.08.2003 жылдан бастап</ref>. Одан бөлек, 1943 жылы Фадеевтің Маргарита Алигерден Мария Александровна Фадеева-Макарова-Энцесбергер деген қызы туған (1991 жылы өзіне-өзі қол жұмсап, қайтыс болды).

Сурет:Medal fadeeva.jpg
Фадеевтің медалі

Марапаттары

Ел жадында

Фадеев атымен аталады:

  • Примор өңіріндегі Булыга-Фадеево ауылы;
  • Липецктегі Фадеев көшесі;
  • Винницадағы көше, (Украина);
  • Мәскеудегі Фадеев көшесі;
  • Тверь қаласындағы Фадеев көшесі;
  • Владивосток қаласындағы көше және көркем әдебиет пен публицистикалық әдебиет муниципалды кітапханасы; Кітапхана 2010 жылғы күрделі жұмыстардың барысында жабылып қалса да, ескерткіш тақтасы сақталып қалды. Бүгінгі таңда ғимаратта Сбербанктің бөлімшесі орналасқан. Жазушыға арналған ескерткіш тақтасы Фадеевтің өзі оқыған ДВФУ-дың (Қиыршығыс федералды университеті) әкімшілік ғимаратында орналасқан (Владивосток қаласы. Суханов, 8);
  • Чугуевка ауылындағы Фадеев көшесі мен мұражай;
  • Жазушының туған қаласы – Кимрадағы Фадеев жағалауы көшесі
  • Фадеев атындағы балалар кітапханасы (Кимра қаласы)
  • Фадеев атындағы Краснодон қалалық кітапханасы
  • Тверь облысының Редкино ауылындағы көше (қайнары: "XX ғасырдағы әдеби өңіртану. Тверь, Тверь мемлекеттік университеті, 2008 ж. ISBN 978-5-7609-0479-9)
  • Гомельдегі Фадеев көшесі
  • Краматорскідегі Фадеев көшесі
  • Севастопольдағы Фадеев көшесі
  • Таганрогтегі Фадеев көшесі
  • Уссурийскідегі Фадеев көшесі
  • Самарадағы Фадеев көшесі

Библиография

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Rodovid

Сілтемелер

Үлгі:Commonscat

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Reflist