Александра Егоровна Кузмичева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Александра Егоровна Кузмичева (13 желтоқсан, 1930, Башқұртстан, Кюргазинск ауданы, Ермолаев а.) — ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1972), профессор (1991), Қазақстан білім беру ісінің үздігі.

  • Орал педагогикалық институтын бітірген, осында физика кафедрасының оқытушысы ретінде еңбек жолын бастаған (1962).
  • Ұзақ жыл КСРО FA Ионосфераның жер магнетизмін және радиотолқындардың таралуын зерттеу институтының (Мәскеу қ.) космостық сәуле бөлімінде қызмет істеген.

Ғылыми еңбектері

  • Осында жүріп «Планетааралық кеңістіктегі екпінді толқынның дамуын зерттеу және магниттік дауыл алдында космос сәулелерінің жеделдігінің өсу әсері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған (1972).
  • 60-тай ғылыми еңбектің авторы.
  • Оның зерттеулері планетааралық орта және күн-жер физикасы мәселелеріне арналған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}