Алдияр-Әли Түсіпов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Алдияр-Әли Асқарұлы Түсіпов (9 қыркұйек 1947 жыл, Байзақ ауданы, Ильич ауылы) - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Жамбыл аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы, қоғам қайраткері.

Еңбек жолы

Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын бітірген (1973). Еңбек жолын 1966 жылы слесарьлықтан бастады. 1973-76 ж. суперфосфат зауытында инженер, аға инженер, ДПО Химпром күрделі құрылыс саласында бас инженер, 1976-89 ж. Орталық ауд. партия комитетінің нұсқаушысы, Жамбыл қалалық партия комитеті бөлім меңгерушісі, Орталық аудандық атқару комитетінің иснпекторы, 1989-92 ж. Қаратау қалалық атқару комитетінің төрағасы, 1992-95 ж. Жамбыл қаласының әкімі, 1996 жылдан бастап Жамбыл облысы қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы<ref>Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, Алматы 2003</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер