Алдатөмпек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Алдатөмпек Бозащы мен Солтүстік Үстіртте кездесетін қызыл құмырсқаның илеуі. Жазық жер бетінен томпиып, кейде биіктігі 1 м-ге дейін барады. Оңтүстік беті – тік, солтүстік беті – жатаған, түйетайлы болып келеді. Құмырсқалар топырақты сілекейлерімен қатырып жасайды. Бұл жұмыспен жазда, әсіресе, жауыннан кейін айналысады, ал қыста төмпек астындағы жердің терең қатпарына кетеді. А-ті Э.А. Эверсманн 1825 – 26 ж. экспедиция кезінде беткі бөлігін қазып зерттеп, қызыл құмырсқаны термит тұқымдасына қосып, ғылыми айналымға алғаш енгізген.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub