Алданов Ермек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алданов Ермек - (1.1947. Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы Абай а.) тележурналист, политолог, қоғам кайраткері. ҚазМУ-ді (1971), Алматы Жоғары партия мектебі бітірген (1988). Еңбек жолын 1963 жылы кеншарда слесарь болудан бастап, облысы "Возрожденная степь" газетінде корректор болып істеді <ref>Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: - 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5</ref>.

Ун-тті бітіргеннен кейін Қазақ КСР Мемл. телерадио к-тінің Жастар хабарлары жөніндегі бас редакциясында редактор (1971-74), "Спутник" БММТ нұсқаушы, төрағаның орынбасары, Қазақстан ЛKCM ОК-нің насихат және мәденикөпшілік жұмыстар бөлімі бастығының орынбасары, бастығы (1974-79), Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, идеология бөлімінің нұсқаушысы (197989), Шымкент облысы партия ком. хатшысы (1989-91), КСРО-дағы Қазақ КСР-інің өкілетті өкілдігінің кеңесшісі, РФ-дағы ҚР-ның Өкілетті өкілдігі (199193), РФ-дағы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі (1993-2002).

Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}