Алгебралық теңдеу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Алгебралық теңдеу — екі алгебралық өрнекті теңестіруден шығатын теңдеу.

Ол fn = 0 түрінде өрнектеледі, мұндағы fn — n дәрежелі бір немесе бірнеше айнымалыға тәуелді көпмүше (n > 0 немесе n = 0). Бір белгісізі бар Алгебралық теңдеу былай жазылады: а0хn + а1хn-1 +...+ аn = 0. мұндағы n — бүтін оң сан а0, а1,..., аn — теңдеудің коэффициенттері және олар берілген шамалар, х — ізделінетін шама. Дәрежесі 4-тен аспайтын кез келген алгебралық теңдеу радикалда шешіледі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Келтірілмейтін теңдеу

К. т. - сол жақ бөлігі келтірілмейтін көпмүше болатын <math>~f(x)</math> – алгебралық теңдеу. Егер теңдеу келтірілмейтін теңдеу болмаса (яғни келтірілетін тендеу), онда мұны шешу жеңілдейді, ол теңдеу едәуір төменгі дәре]елі алгебралық теңдеулерді шешумен аяқталады.<ref>"Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-X</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Math-stub